ҚРО жаңа мекен-жайда жұмыс істеуде

ҚРО жаңа мекен-жайда жұмыс істеуде: Құрманғазы көш., 78/91 (2гис бойынша Масанчи көш., 90/92).

Орталықтың жаңа орынға көшуі Алматы қаласы Әкімінің (2022 жылғы 15-тамыздағы № 3/395 «Қаланың коммуналдық меншігінің кейбір мәселелері туралы» және Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының 2022 жылғы 15-тамыздағы № 274 қабылдау-тапсыру актісімен) Қаулысына сәйкес, санитарлық нормаларға сай, Құрманғазы көшесі, 78/91, жалпы ауданы 4738,1 ш.м. мекенжайында орналасқан ғимаратты беру шешімімен байланысты. Аурухана аумағын кеңейту туралы шешімді қала басшысының Алматы қаласына Әкім болып тағайындалған кездегі алғашқы қаланы аралап шыққаннан кейінгі қабылдаған шешімі болатын.

«Ерболат Асқарбекұлының қала активі алдына қойған алғашқы міндеттерінің бірі – Қалалық ревматология орталығын кеңейту мақсатында тиісті ғимаратты бөлу болғаны бізді қуантады. Естеріңізде болса, Орталық Әйтеке би көшесі, 116, ескі ғимаратта отырғанда тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда 65 төсектік, күндізгі стационарда 10 төсектік орын болғаны тұрғындарға дер кезінде ревматологиялық көмек көрсетуді толық қамтамасыз ете алмайтын. Бұл өз кезегінде Ауруханаға жатқызу бюросының порталындағы үлкен кезектен көрініс тапты.

Орталықты ауданы 4738,1 ш.м. ғимаратқа көшіру тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың төсек сыйымдылығын 120 төсекке, күндізгі стационарды 20 төсекке дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді, бұл мұқтаж науқастарға қажетті көлемде кешенді мамандандырылған ревматологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

КОВИД-тен кейінгі кезеңде айқын байқалатын ревматологиялық аурулардың тұрақты өсуін ескере отырып, ҚРО-ны көшіру және кеңейту уақтылы және қажетті шара болып табылады», – дейді ҚРО-ның директоры, м.ғ.к. Кулембаева Анар Бәкірқызы.

Жаңа мекенжайға көшу ағымдағы жылдың наурыз айында басталып, мамыр айының соңында толығымен аяқталды. Қазір дәрігерлердің қабылдауы мен науқастарды стационарлық емдеу қала орталығында ыңғайлы орналасқан кең, жөнделген ғимаратта жүзеге асырылады.

Запись на прием





    [recaptcha]

    ×